...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Жетісуская көшесінің бір бөлігі тәулікке жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жетісуская көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, көлік қозғалысы 9 маусым сағат 07:00-ден 10 маусым сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі аралықта жабылады.

Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары шектеулерді алдын ала ескеріп, қажет болған жағдайда балама бағыттарды таңдауға шақырылады.

Дереккөз: Nur.kz