
Алматы Құтқару қызметінің қызметкерлері Сайран көліндегі қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу кезінде құтқарушылар суицид әрекетінің алдын алған.
— Жағалау сызығында құтқарушылар суға кетіп бара жатқан қызды байқап, оны судан жедел түрде шығарды. Зардап шеккенге қажетті көмек көрсетілді, — деп атап өтті департаментте.
Құтқарушылар азаматтарды денсаулығы мен өміріне ұқыпты қарауға және қажет болған жағдайда мамандардан қолдау сұрауға шақырады.
Бұған дейін Алматы облысында құтқарушылар ағыс оны суару каналына алып кеткен ер адамға көмекке келген болатын.
Дереккөз: Inform.kz