Алматыдағы тарихи Неке сарайы ғимараты қайтадан қала әкімдігінің балансына өткені белгілі болды. Оның жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Нысанның болашақ тағдыры қандай болатынын жергілікті билік нақтыламай отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2026 жылғы ақпанда Zakon.kz тарихи ғимаратқа қатысты ауқымды жоспарлар туралы жазған еді. Сол кезде ғимарат бос тұрып, күрделі жөндеуге дайындалып жатқан. Сәулет ескерткіші 10 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруына берілгені хабарланған.
