...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда №145 автобус бағыты іске қосылды: қай бағытта жүреді

Алматыда жаңа №145 автобус бағыты іске қосылды. Күн сайын 5 Yutong маркалы автобус қатынайды, әрқайсысы 60 жолаушыға дейін сыйдыра алады. Орташа қозғалыс аралығы шамамен 14 минутты құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Маршрут Алматы-2 вокзалын «Гагарина – Жандосова» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы – 16,9 км. Автобустар күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүреді.

Бұған дейін №117 автобус бағытының схемасы өзгеретіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, Алматының Алмалы, Әуезов және Жетісу аудандарында ТЭЦ-1-ден 6-10 кВ кернеулі кабельдік электр желілерін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 21 мамырдан бастап №17 және №123 бағыттардың қозғалыс схемаларына жұмыстар аяқталғанша уақытша өзгерістер енгізіледі.

Дереккөз: Zakon.kz