...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жыл басынан бері 24 адам жол апатынан қаза тапты

Алматыда жыл басынан бері жаяу жүргіншілер қатысқан 2 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалада «Жаяу жүргінші» акциясы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, соның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдық беруін қатаң бақылауға алды.

Сонымен қатар мектептерде де профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Оқушыларға түсіндіру шаралары өткізіліп, балаларға жарық қайтаратын элементтер таратылуда.

Бұған дейін полиция Саина көшесінде бензовоз қатысқан ауыр жол апатының кадрларын көрсеткен болатын. Анықталғандай, оқиғаға екі дөңгелекті көлік жүргізушісінің түсіп қалған дулығасы себеп болған.