...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі түнгі уақытта жабылады

Алматыда Жұбанов көшесінің бойындағы қозғалыс бір түнге жабылады. Шектеу 3 қыркүйек кешкі сағат 23:00-ден 4 қыркүйек таңғы 05:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Almaty Joly Telegram-арнасының мәліметінше, Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, уақытша шектеулер енгізіледі.

«Отеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын төсеуге байланысты 3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылады», — делінген ведомство хабарламасында.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылатыны атап өтілді. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.