Алматыда көшелердің бірінде жолдың ортасында көлік өртеніп кетті. Өртті су себетін машинаның көмегімен сөндіруге тура келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ге сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қызметке бара жатқан СОБР қызметкерлері жалын шарпыған көлікті байқаған.
Уақыт жоғалтпай, олар тоқтап, қауіпті учаскеде қозғалысты жауып, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірден өртті сөндіруге кірісті. Алайда штаттық өрт сөндіргішпен отты ауыздықтау мүмкін болмады – жалын қарқынды күшейе берді. Сонда полицейлер жанынан өтіп бара жатқан су себетін машинаны жедел тоқтатып, су қорын пайдаланып өртті жойды, – делінген полиция хабарламасында.
Департаментте атап өткендей, жауынгерлердің батыл, сауатты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілген.
Ешкім зардап шеккен жоқ, ең бастысы – оттың таралуына және ықтимал ауыр зардаптарға жол берілмеді, – деп қосты ДП өкілдері.
Дереккөз: Nur.kz