
Алматыда түнгі рейд барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде және ойын-сауық мекемелерінде болуының ондаған жағдайын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тексерудің негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Бір түннің ішінде жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуының 5 жағдайы анықталды. Сонымен қатар, қараусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде балалардың ересектердің бақылауынсыз үйден тыс жерде болуының 80 фактісінің жолы кесілді.
Полиция қауіпсіздік пен балалардың бос уақытын ұйымдастыру жауапкершілігі ең алдымен ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салады.
Дереккөз: Inalmaty.kz