
Алматының Әуезов ауданында, Төле би көшесінде трансформаторлық қосалқы станция өртеніп, өрт ашық жану сатысына жеткен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жану байқалған. Өрт дамыған түрге ие болған.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге бірнеше көбікті және сулы оқпандар берілді.
Қабылданған шаралардың арқасында ашық жалынды басып, 50 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен жойылды.
Дереккөз: Inform.kz