...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би көшесінде қозғалыс өзгереді: күндері мен учаскелері белгілі

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЛРТ жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл инженерлік желілерді қайта жаңартуға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, спорттық фестиваль өткізуге байланысты Алматыда Төле би көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі.

3 қыркүйек сағат 22:00-ден 4 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Аносов көшесінен Бруно көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

4 қыркүйек сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Аносов көшесінде, Төле би көшесінен Артем көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.