...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тәжік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді: 500 тоннадан астам тауар

27-28 маусымда Алматыда Тәжікстанның Хатлон облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Келушілерге маусымдық көкөністер мен жемістер, кептірілген жемістер, тәттілер және қолөнер бұйымдары қоса алғанда, 500 тоннадан астам өнім ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сауда қатарлары Нұркент шағын ауданындағы Almaty Arena алдындағы алаңда орналасады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеге 40 фермер қатысып, Алматыға 500 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі мен халықтық қолөнер бұйымдарын әкеледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маусымдық жемістер мен көкөністердің, табиғи кептірілген жемістердің, шығыс тәттілерінің және басқа да өнімдердің кең таңдауы ұсынылады, оларды өндірушілерден тікелей сатып алуға болады.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Дереккөз: Inalmaty.kz