Алматыдағы Бостандық ауданы, Ғарышстанция маңындағы таулы жерде 2006 жылы туған қыз аяғын жарақаттап алды. Ол таудан түсу кезінде аяғын бұрап алып, әрі қарай жүре алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар зардап шеккен қызды қол жетпейтін аймақтан эвакуациялап, медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге ескертеді: тауға шыққанда маршрутты қатаң сақтау және жер бедерінің күрделілігін ескеру қажет, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Nur.kz