...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тауға шыққан әйел құтқарушыларды шақыртты: жарақат алған

Алматыда 1988 жылы туған әйел тауға шығып, аяғын жарақаттап, өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға «Терра» алаңында, «Қыз көз жасы» сарқырамасының маңында болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында хабарланғандай, құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зақымдалған аяқты медициналық шинамен бекітіп, әйелді эко-бекетке дейін қауіпсіз түсірген.

«Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен әйел «оң аяқтың жабық сынуы» деген алдын ала диагнозбен Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді», — деп нақтылады ТЖМ.

Құтқарушылар таулы аймақта сақтық шараларын сақтап, тиісті жабдықтарды қолдану қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: Nur.kz