Алматыда стихиялық сауданы жоюға бағытталған рейдтер өтті. Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойынша тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар «Байсат» және «Ялян» сауда орталықтары маңындағы жағдайға жиі шағымдана бастаған. Онда жол жүру бөлігін стихиялық базар ретінде пайдаланып, бұл көлік қозғалысында қиындықтар туғызған.
Осыған байланысты Жетісу ауданында – Солтүстік айналма көшесі бойынша заңсыз сауда нүктелерін жоюға бағытталған рейдтер өтті.
«Тексеру нәтижесінде аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 24 әкімшілік хаттама, сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды», – деп қосты әкімдікте.
Тексерулер аудан әкімдігімен прокуратура және полицияның қатысуымен ұйымдастырылғаны атап өтілді.
Дереккөз: Nur.kz