...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Сатпаев көшесіндегі арықтардың жабылу себебі түсіндірілді

Алматыда Сатпаев көшесіндегі арықтардың жабылуына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада автор «Олар мұны не үшін жасап жатыр?» деген сауал қояды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Сатпаев көшесінің Байзақов пен Луганский көшелері аралығында «фасадтан фасадқа» қағидаты бойынша кешенді абаттандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба жаяу жүргіншілер аймағын кеңейтуді, велосипед инфрақұрылымын дамытуды, көгалдандыруды және сыртқы жарықтандыруды жаңғыртуды көздейді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешім іргелес жасыл аймақты айтарлықтай қысқартпай-ақ веложолды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аталған учаскеден өткеннен кейін веложол жобада қарастырылған аумақ бойынша жалғасады.

Сонымен қатар арық жүйесі сақталады, оның жер үсті суларын бұру жөніндегі функционалдық мақсаты өзгермейді.

2026 жылғы 29 қазанда біз Алматы орталығында үздіксіз жаяу жүргіншілер маршруты пайда болатыны туралы жазған болатынбыз.