23 маусымда полицияға таулы жерде мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«КТК» арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға бірінші қабаттағы пәтерде болған. Қазір есік мөрленген. Болжам бойынша, өлтірілгеннен кейін оның денесін қала сыртына апарып, Алматыдан 300 шақырым жерде өртеген.
Аслан Әлсеров аға жедел уәкіл болып жұмыс істеген. Оның әйелі де органдарда қызмет еткен. Ерлі-зайыптылар 15 жыл бірге тұрған. Олардың жеті баласы бар. Ұлдары спортпен айналысқан. Көршілері Әлсеровтар туралы жақсы пікір білдірген.
24 маусымда ер адамды жерледі.
Ресми нұсқа бойынша, күдіктілер екеу. Бұл – өлтірілгеннің әйелі және олардың 14 жастағы ұлы.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы ер адам өз әкесін ұрып-соққан. Ол өз әрекетін телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерге жариялаған.
Дереккөз: Zakon.kz