...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда мас жүргізуші ұрланған автокөлікпен ұсталды: бейне

Алматыда патрульдік полицейлер Тимерязев пен Шашкин көшелерінің қиылысында Kaiyi маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіде мас болу белгілері байқалып, ол дереу басқарудан шеттетілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында жүргізушінің бұрын жүргізушілік құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, автокөлік Наурызбай ауданының аумағынан ұрланған болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалды – көлік құралын ұрлау және жүргізушілік құқығынан айырылған адамның мас күйінде автокөлік жүргізуі, – деп хабарлады Алматы полициясы.

Алматы полициясы заңның әрбір бұзылуы жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Мас күйінде көлік жүргізу – бұл тек құқық бұзушылық емес, өмірге тікелей қауіп.

Дереккөз: Nur.kz