...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда құрылыс базары аумағында «Газель» жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматының Алатау ауданындағы құрылыс базарларының бірінің аумағында «Газель» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі мегаполистің ПД сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, «Газель» маркалы көліктің жүргізушісі құрылыс базарының жер асты деңгейінде қозғалып келе жатып, 1980 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген ПД хабарламасында.

Дереккөз: Inalmaty.kz