«Қазгидромет» РМК сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы хабарланды. Бұл қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 15 облысында 2026 жылғы 26 тамызға дауылды ескерту жариялаған болатын.
