...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда қоқыс шығару тарифі қайта қаралды: жаңа баға 744,1 теңге

28 маусымнан бастап Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тиісті шешімді қалалық мәслихаттың XLVI сессиясы қабылдады. Өзгеріс ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты.

Енді абаттандырылған және абаттандырылмаған сектор тұрғындары үшін ай сайынғы төлем бір адамға 718,5 теңгенің орнына 744,1 теңгені құрайды. ҚҚҚ-ның бір текше метрін шығару тарифі 3 303,9 теңгеден 3 832,5 теңгеге дейін өсті. Құнға қалдықтарды өңдеудің толық циклі – жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму кіреді.

Сонымен қатар, жекелеген азаматтар санатына арналған жеңілдіктер жүйесі сақталды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері қызметтерге ақы төлеуден толық босатылды.

ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, I топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ жетім балалар үшін 50% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. II топтағы мүгедектерге және әлеуметтік осал топтардың өзге де өкілдеріне төлемді 25%-ға төмендету беріледі.

Жеңілдіктер тұтынушы өтініш білдірген күннен бастап, растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда қолданылады.

Дереккөз: Inform.kz