...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда кафеге заңсыз салынған қосымша ғимарат мәжбүрлі түрде бұзылуда

Алматы қаласының қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан Asi кафесіне заңсыз салынған қосымша ғимаратты мәжбүрлі түрде бұзу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз қосымша ғимаратты мәжбүрлі түрде бұзу тағайындалған.

Қазіргі уақытта сот шешімін орындау үшін Алматыда әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен қосымша ғимаратты бұзу жұмыстары басталды,

делінген хабарламада.

2026 жылғы 17 тамызда Алматы орталығында орналасқан супермаркеттің де қосымша ғимараттан айырылғаны белгілі болды.