...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ірі қытайлық тауар жеткізушіге үкім шықты: 12 жыл бас бостандығынан айыру

Сот процесі жарты жылдан астам уақытқа созылды. Кеше Қожамыратов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазасы бір жылға кейінге шегерілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қожамыратов Қытайдан Алматыға тауар жеткізумен айналысқан ірі кәсіпкер болған. Ол контрабанда және ірі көлемде салық төлеуден жалтару баптары бойынша айыпталды. Сот оның кінәсін толық дәлелденді деп тауып, үкім шығарды.

Дереккөз: Inalmaty.kz