...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ер адамдар арасындағы ауызша жанжал пышақтауға ұласты

Бостандық ауданында екі ер адам арасындағы бірге ішімдік ішу кезіндегі жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Оқиға Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, дастарқан басындағы ауызша сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, оның барысында бір ер адам қарсыласына аяқ тұсынан пышақпен жарақат салған.

Жарақат алған адам қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оны ұстауға учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Inalmaty.kz