...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ер адам 16-қабаттың балконынан құлай жаздады: полиция құтқарды

Алматыда ер адам биіктіктен құлай жаздады, оған полиция қызметкерлері уақытылы көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы сигнал «102» пультіне кешкі уақытта түсті. Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам подъезд балконының сыртқы жағында 16-қабат деңгейінде тұрып, құлап кетуі мүмкін екендігі хабарланды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, оның ішінде «Буран — 407» және «Буран — 414» патрульдік экипаждары дереу жетті.

Жағдайды бағалаған полицейлер ер адамның назарын аударып, уақыт ұтуға тырысты. Қолайлы сәтте қызметкерлер оны жедел ұстап алып, қауіпсіз жерге тартып кіргізді.

— Ер адам балконның сыртқы жағында тұрды, жағдай өте шиеленісті болды. Біз әріптестеріммен — патрульдіктермен онымен сабырлы сөйлесуге тырыстық, күрт әрекеттерге итермелемедік. Бір сәтте қашықтықты қысқарту мүмкін болды, содан кейін біз әрекет ету туралы шешім қабылдап, оны ішке тартып кіргіздік, — деді Бостандық ауданы Полиция басқармасы жанындағы жедел-криминалистикалық бөлімшенің бастығы Айдын Әбіл.

Полиция мәліметінше, ер адам көңіл-күйі түсіңкі жағдайда болған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Inform.kz