...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

23 мамырдан бастап Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа ереже бойынша, Уәлиханов көшесінде Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта, Жуков көшесінде оңтүстік бағытта және Манаев көшесінде Затаевич көшесінен Ахмедьяров көшесіне дейінгі аралықта солтүстік бағытта біржақты қозғалыс іске қосылды.

Бұл шешім Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, көлік жүктемесін азайту, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыру және жолдардағы қақтығыс жағдайларын азайту мақсатында қабылданды. Өзгерістер ағымдағы көлік жағдайын талдау және тұрғындардың өтініштері негізінде енгізілді, — деп мәлімдеді басқармада.

Басқарма біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізілгенін, тиімділік мониторингінің қорытындысы бойынша одан әрі шешім қабылданатынын атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz