...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бір тәулікте жол қозғалысы ережесінің 1560 бұзушылығы анықталды

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, өткен тәулікте қалада жол қозғалысы ережелерінің 1560 бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде:

  • мас күйінде көлік жүргізу – 9 факт;
  • жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 1;
  • жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік жүргізу – 2 факт;
  • маневр жасау ережелерін бұзу, оның ішінде қауіпті маневр («шашки») – 77 факт;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 63 факт;
  • қарсы бағыттағы жолаққа шығу – 5 факт;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану – 39 факт.

Сонымен қатар, мамандандырылған тұраққа 42 көлік қойылды.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мас күйінде мопед жүргізген ер адамды ұстаған болатын.