Алматыда балалар жүзу, футбол, бокс, дзюдо және басқа да спорт түрлерімен тегін айналыса алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ата-аналарға баланы спорт мектебіне қалай тіркеуге болатыны түсіндірілді.
Балаларды тегін спорт секцияларына қабылдау қаладағы спорт мектептері арқылы жүргізіледі. Жүзу, футбол, бокс, дзюдо сияқты түрлер бойынша топтар жұмыс істейді.
Баланы спорт мектебіне жазу үшін ата-аналарға қажетті құжаттарды дайындап, тиісті мекемеге жүгіну қажет екені айтылды.
