...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы, Семей және екі облыста кезекші ХҚО мекенжайлары өзгерді

Алматы, Семей, Алматы және Түркістан облыстарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші бөлімшелерінің мекенжайлары жаңарды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа мекенжайларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жариялады.

Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін 1 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде кезекші ХҚО мен арнайы ХҚО мекенжайлары өзгергені, сондай-ақ Астанада да кезекші орталықтардың мекенжайлары жаңаратыны хабарланған болатын. Жаңартылған тізім де жарияланды.