
Алматыда 6-12 маусым аралығында жазғы орташа ыстық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, 8 маусымға қарай ауа +30+32°C-қа дейін жылынады, ал ең ыстық күндер 9 және 10 маусым болады, бұл кезде термометр бағандары +32+34°C-қа жетеді.
«Бірақ апта соңына қарай күндізгі ауа температурасы біртіндеп +30+32°C-қа дейін төмендейді. 10 маусым күндіз және 12 маусым тәулік бойы қысқа мерзімді найзағайлы жаңбырмен тұрақсыз ауа райы күтіледі, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді», – деді Гидрометцентр өкілі.
Жалпы, апта жылы, қысқа мерзімді найзағайлы жаңбырмен және кезеңнің бірінші жартысында ыстықтың біртіндеп күшеюімен өтеді. Толық болжам бойынша: 6 маусым – ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +23+25°C; 7 маусым – түнде +16+18°C, күндіз +28+30°C; 8 маусым – түнде +16+18°C, күндіз +30+32°C; 9 маусым – түнде +16+18°C, күндіз +32+34°C; 10 маусым – түнде +18+20°C, күндіз +32+34°C; 11-12 маусым – түнде +18+20°C, күндіз +30+32°C.
Дереккөз: Zakon.kz