...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда әрбір төртінші көлікте шығарынды нормасы асып кеткен

Алматыда жыл басынан бері 5 496 автокөлік тексеріліп, оның 1 301-інде зиянды заттардың шығарынды нормасы асып кеткені анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тексеру барысында әрбір төртінші көлікте нормативтен тыс шығарынды тіркелген. Бұл — атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздердің бірі саналатын автокөлік шығарындысын бақылау аясында жүргізілген жұмыс.

Eco Almaty деректеріне сүйенсек, 2026 жылдың басынан бері 5 496 автокөлік тексерілді. Оның 1 301-інде, яғни әрбір төртінші көлікте, түтін газындағы зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормативтен асып кеткен, — делінген әкімдік хабарламасында.

Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Қалада автокөлік шығарындысын бақылау тұрақты негізде жүргізіліп, экологиялық нормативтерге сай келмейтін көліктерді анықтауға бағытталған.