...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 19 қыркүйектен бастап ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Алматы тұрғындары демалыс күндері жаңа піскен маусымдық өнімдерді отандық фермерлер мен өндірушілерден қолжетімді бағамен тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

19 қыркүйектен бастап қалада отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға және тұрғындарды сапалы маусымдық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған «Дала дәмі» жобасы басталады.

Мегаполистегі жәрмеңкелерге Алматы, Алматы облысы және Қазақстанның басқа да өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен өндіруші қатысады, олар өнімді делдалсыз тікелей сатады.

Ассортиментте жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш өнімдері және басқа да тауарлар бар — барлығы 1000-нан астам атау.

Демалыс күндері жәрмеңкелері Алматының алты ауданында — Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарында жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Бостандық ауданында 20 қыркүйекте, Алматы қаласының күніне орай, Қазақфильм шағын ауданында алғашқы жаңғыртылған алаң ашылады. Аумағы 49 сотық жерде 112 сауда орны, оның ішінде ашық және жабық павильондар, сондай-ақ фудкорт аймағы жабдықталған.

Жәрмеңкелерді жаңғырту Алматының дизайн-кодын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сауда алаңдары бірыңғай форматқа келтіріліп, аумақ абаттандырылып, сауда орындарын ұйымдастыру жаңартылуда.

Еске салайық, 19 қыркүйектен 25 қазанға дейін Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Әр демалыс сайын елорда тұрғындары 13 облыстың өнімдерін сатып ала алады.

Камшат Әбдірайым

Автор

• Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

• Медеу ауданы — Мендіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би және Гоголь көшелерінің аралығы;

• Жетісу ауданы — Құлагер шағын ауданы;

• Түрксіб ауданы — Рысқұлов және Айтықов көшелерінің қиылысы.