Алматы қаласы Полиция департаменті 1 шілдеден бастап электр самокаттарын пайдалануды реттейтін өзгерістер заңды күшіне енетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап электр самокаттарын пайдалануды реттейтін өзгерістер заңды күшіне енеді.
Бұл толыққанды көлік құралы. Кикшеринг компаниялары үшін жауапкершілік аймағы айқынырақ белгіленді. Олар, ең алдымен, қауіпсіз инфрақұрылым құруы, өз көліктеріне тіркеу нөмірлерін беруді қамтамасыз етуі және олардың техникалық жағдайын бақылауы керек. Сондай-ақ тұрақ мәселесін реттеуі қажет, жол жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолында ретсіз шашылып қалмауы үшін, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру мәселесін шешуі керек. Және көлікті кәмелетке толмағандарға беруге жол бермеуін бақылауы тиіс. Бұл – кикшеринг компанияларының жауапкершілік аймағы, – деді Салтанат Әзірбек.
Ол құқық бұзушылар үшін аккаунтты бұғаттау қарастырылғанын, бірақ бұл мәселе де кикшеринг компанияларының құзырында екенін атап өтті.
Дереккөз: Nur.kz
