...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Almaty Summer Fest: екінші концерт «Алатау» театры алаңында өтті

Алматыда ауқымды музыкалық жоба Almaty Summer Fest жалғасуда. Қала әкімдігі ұйымдастырған ашық аспан астындағы концерттер жаз бойы әр сенбі сайын өтеді және қаланың басты мәдени алаңдарының біріне айналады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Екінші фестивальдік кеш осы сенбіде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда өтті. Мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін танымал қазақстандық орындаушылардың қатысуымен бай концерттік бағдарлама дайындалды.

Сахнада Мадина Садвакасова, Ерке Есмахан, Бахыт Шадаева, Duman Marat, BAXA.SM, Өктем Алтаев, Абай Бегей, Нурсултан Нурбердиев, Muzart Live, Нурбахыт Карагай, Kyle Ruh, ASTRA, Duisenbi, DIMOSH, MATIN, DIVA’S, KODI және DJ Akhmetoff өнер көрсетті.

Мерекелік кештің жүргізушілері Balausa мен Nursultan болды.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, жоба қаланың мәдени өмірін дамытуға, отандық әртістерді қолдауға және алматылықтардың отбасылық демалысы мен бос уақытына қолайлы кеңістік құруға бағытталған.

Almaty Summer Fest концерттер сериясы Алматының жаңа жазғы дәстүріне айналып, қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астындағы жарқын музыкалық кештерде біріктіреді.

Дереккөз: Almaty.tv