...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы полициясы түнгі клубтар мен барларға бара бастайды

Алматыда полиция қызметкерлері түнгі клубтар мен барларға баратын болады. Бұл шешім қаладағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған «Айқын нәтиже» жобасы аясында қабылданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Аталған шара Алмалы ауданы прокуратурасының полиция басқармасымен бірлескен жұмыс кеңесінде талқыланды. Бұл әдіс ең алдымен профилактикалық сипатқа ие: полиция қызметкерлерінің болуы ахуалды бақылауға және ықтимал бұзушылықтарға уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін полиция ойын-сауық мекемелерінің басшылары мен жалға алушыларына, сондай-ақ азық-түлік дүкендерінің өкілдеріне профилактикалық кездесулер өткізетінін хабарлаған.