Алматы қаласының полиция департаменті ойын-сауық мекемелері мен азық-түлік дүкендерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
26 тамыз 2026 жылы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, нысан өкілдерімен күзет қызметкерлерінің полициямен өзара іс-қимыл мәселелері талқылануда.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдарына жанжал жағдайлары туралы уақтылы хабарлау және олардың әрі қарай дамуын болдырмау шараларын қабылдау қажеттігі түсіндірілуде.
Профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтар көп жиналатын орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
18 тамыз 2026 жылы Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілгені белгілі болды.
