...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы орталығында бірнеше көше жабылады: 10 автобус бағыты өзгереді

Алматы орталығында Қала күніне орай өтетін мерекелік шараларға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мегаполистің әкімдігі мәлімдеуінше, Төле би мен Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі 17 қыркүйекте сағат 15:00-ден 21 қыркүйектегі 03:00-ге дейін жабылады.

Сонымен қатар Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі тұсы 17 қыркүйекте сағат 22:00-ден 21 қыркүйектегі 24:00-ге дейін толығымен жабылады.

Осы кезеңде он автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді: №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224.

«№37, 48, 201, 206, 209, 210 және 224 бағыттар шығыс бағытта Абылай хан даңғылы, Қабанбай батыр көшесі және Назарбаев даңғылы арқылы, батыс бағытта Назарбаев даңғылы, Бөгенбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы жүреді. №16, 126 және 205 бағыттар да жабылған учаскені Гоголь, Қалдаяқов, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері және іргелес магистральдар арқылы айналып өтіп, қозғалыс схемасын уақытша өзгертеді», — делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.