...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында жыл басынан бері 300-ден астам тыйым салынған зат тәркіленді

Жыл басынан бері полиция Алматы метрополитені аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің 310 әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тінту іс-шаралары кезінде заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастеттерге құрылымдық ұқсас 62 зат, сондай-ақ 4 оқ-дәрі алынды.

Күн сайын жерасты көлігінің қызметін 110 мыңнан 130 мыңға дейін жолаушы пайдаланады, сондықтан мұнда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метро станцияларында заманауи бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 604 камера орнатылған, олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған.

— Жолаушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, тыйым салынған заттарды өткізуге тырыспауға және кез келген күдікті заттар мен құқыққа қарсы әрекеттер туралы полиция қызметкерлеріне немесе метро жұмысшыларына дереу хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен біз әрбір жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, — деп атап өтті метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Орал Ахимов.

Бұған дейін полиция Алматы метросында пышақ пен қол кісені бар ер адамды ұстаған болатын.

Дереккөз: Inform.kz