Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері тексеру кезінде полиция қызметкерлері метроға тыйым салынған заттарды өткізбек болған 310 адамды анықтады. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат және төрт оқ-дәрі алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, станцияларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 604 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде бет-әлпетті тану жүйесімен жабдықталған.
Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Орал Ахимов метро қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарына ғана емес, жолаушылардың өздеріне де байланысты екенін еске салды.
Ол ережелерді сақтауға, тыйым салынған заттарды өткізбеуге шақырып, күдікті заттар мен құқыққа қарсы әрекеттер туралы полиция қызметкерлеріне немесе метро жұмысшыларына хабарлауды сұрады.
Дереккөз: Zakon.kz
