
Emirates әуекомпаниясының жүк бөлімшесі Дубай – Алматы бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін орындады, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. Алғашқы рейді авиациялық дәстүр бойынша су аркасымен қарсы алды. Әуежайда жаңа бағыттың ашылуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы мен Дубай арасындағы тұрақты жүк рейстері аптасына бір рет, сейсенбі күндері орындалатын болады. Жалпы жүк сыйымдылығы аптасына 100 тоннадан асады.
Жаңа бағыт әртүрлі санаттағы жүктерді, оның ішінде электрониканы, өнеркәсіптік жабдықты, тез бұзылатын өнімдер мен тұтыну тауарларын тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Emirates-тің Дубайдағы логистикалық хабы арқылы қазақстандық компаниялар халықаралық нарықтарға шығу үшін қосымша мүмкіндіктер алады.
Әуежайда атап өткендей, Алматы Emirates SkyCargo-ның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты болды.
Дереккөз: Inalmaty.kz