...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Астананы қоса, сегіз қалада ауа райы қолайсыз болады

17 қыркүйекте Қазақстанның сегіз қаласында ауа райының қолайсыз жағдайлары (АРҚЖ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 17 қыркүйекте АРҚЖ Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы, Өскемен, Семей, Атырау және Астана қалаларында болжанады.

Ауа райының қолайсыз жағдайлары — желсіз тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жер беті қабатында жиналуына ықпал етеді.

АРҚЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Ауа райы қолайсыз кезде мынадай ұсыныстар беріледі:

• өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек;
• ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу қажет.

Бұған дейін 17 қыркүйекке Қазақстанның 16 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланған болатын.