
20 маусымда Алматы қаласында және түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет»., деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанды 20-22 маусым аралығында +41°C-қа дейінгі қатты ыстық күтіп тұрғанын хабарлаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz