Синоптиктер Алматы, Ақтөбе, Атырау және тағы үш қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
2026 жылғы 27 тамызда ҚМЖ Алматы, Ақтөбе қалаларында, ал түнде Атырауда болжамданған.
