...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әкімдігі саябақ салу үшін 21 жер телімін мәжбүрлеп алады

Алматы әкімдігі Медеу ауданында, Әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке, Назарбаев даңғылынан батысқа қарай орналасқан 21 жер телімін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, жер телімдері саябақ салу үшін алынады. Олар Панфилов, 11-ші Кирпичнозаводская көшелерінде, Назарбаев даңғылында және 8-ші Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

Осыған байланысты «Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы» КММ-ге мыналар тапсырылды:

  • жер телімдерінің иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;

Сондай-ақ, жер телімдерін алуды көздейтін қаулыларға қол қойылды:

  • Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін – Құлжа трактын реконструкциялау үшін;
  • Тастақ-2 шағын ауданында – жалпы пайдаланудағы нысан үшін;
  • Құлжа тракты бойынша – «Шығыс қақпа» су сорғы станциясын салу үшін.

Бұған дейін біз Алматы әкімдігі қала қажеттіліктері үшін 40-тан астам жер телімін алатынын хабарлаған болатынбыз.