
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша халықаралық рейстерді іске қосады. Алғашқы рейс 3 қыркүйекте орындалады, ал ұшулар аптасына екі рет жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстандық лоукостер жаңа халықаралық бағытты – Алматы – Үргеніш – Алматыны ашады. Ұшулар 3 қыркүйектен басталады. Рейстер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Әуекомпанияда рейстер кестесі жолаушылардың ыңғайлылығын ескере отырып жасалғанын атап өтті. Бір бағытқа авиабилет құны 41 мың теңгеден басталады.
Дереккөз: Inalmaty.kz