
7 маусымда Абай алаңында The Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Open-air-дың арнайы қонағы — Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds, оның қатысуымен жазылған әндер әлемге әйгілі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Фестиваль Орталық Азиядағы ең ірі open-air шаралардың бірі саналады. Жыл сайын мыңдаған көрермен жинап, world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында әр түрлі елдердің орындаушыларын біріктіреді.
Биыл қонақтарға демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, сондай-ақ интерактивті және серіктес алаңдар дайындалады. Фестиваль кеңістігі сағат 12:00-де ашылып, кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады.
Ұйымдастырушылар қазақстандық орындаушыларды қолдауға және заманауи этно-сахнаны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Алғаш рет фестиваль аясында этно, фолк және contemporary world music жанрларында жұмыс істейтін отандық музыканттар мен ұжымдарға арналған open call өтеді. Өтінімдерді қабылдау фестивальдің ресми сайтында 26 мамырдан 1 маусымға дейін жүреді.
The Spirit of Tengi фестивалі алғаш рет 2013 жылы Алматыда өтіп, осы уақыт ішінде Орталық Азияның басты мәдени оқиғаларының біріне айналды. 2026 жылы жоба bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында бірінші орынды иеленіп, халықаралық танымалдылыққа ие болды.
Кіру тегін.
Дереккөз: Inalmaty.kz