...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Роза Багланованың портреті көпқабатты үйдің қасбетінде пайда болды

Алматыда КСРО Халық әртісі Роза Баглановаға арналған жаңа мурал пайда болды. Оны әнші бұрын тұрған үйдің қасбетіне орналастырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көркем нысан Медеу ауданындағы №21 үйдің қасбетінде, Самал-3 шағын ауданында орналасқан. Дәл осы үйде аңызға айналған әнші бұрын тұрған. Муралды жасау идеясын тұрғындар қолдап, олар ұсыныспен әкімдікке жүгінген.

Жобаны дайындауға әншінің келіні Марал Багланова қатысты. Ол ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жұмыс нәтижесіне риза екенін айтты.

Енді Роза Багланованың бейнесі қазақ өнерінің тарихында ғана емес, Алматының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталады.

Дереккөз: Nur.kz