...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Қайрат шағын ауданында 197 жер учаскесі мемлекет қажеттілігіне алынады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қайрат шағын ауданындағы 197 жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне алу туралы қаулыға қол қойды. Бұл учаскелер «Шығыс қақпасы» полиция орталығына кіреберіс жол салу үшін алынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаулы «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған. Учаскелер Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында орналасқан және олар Бухтарма көшесіне дейінгі жол құрылысына қажет.

Мәжбүрлеп алу мерзімі — 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін, — делінген әкім қаулысында.

Жер қатынастары басқармасы учаске иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етуі керек. Рәсімдер аяқталған соң учаскелер Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының балансына беріледі.

Меншік иелері Төле би көшесі, 155, 603-кабинет мекенжайына жүгіне алады.

Дереккөз: Nur.kz