...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі клуб жабылды: кәмелетке толмағандарды жібергені үшін

Алматыдағы Медеу ауданында орналасқан түнгі клубтың қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Себеп — мекемеге түнгі уақытта екі кәмелетке толмаған жасөспірімді ертіп кіруге жол берілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған Nur.kz мәліметінше, тексеру барысында мекемеде заңды өкілдерінсіз екі жасөспірімнің болғаны анықталған. Осы факті бойынша ата-аналарға қатысты тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін жазаланды.

«Біз ойын-сауық мекемелерінің иелеріне кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мұндай орындарда болуына жол бермеу керектігін бірнеше рет ескерттік. Алайда кейбір кәсіпкерлер заң талаптарын елемей келеді. Әрбір мұндай бұзушылық қатаң және сөзсіз жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өткім келеді. Қызметті тоқтату — ерекшелік емес, заңда көзделген шара. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — басымдық, біз бұл бағыттағы бақылауды күшейте береміз», — деді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Дереккөз: Nur.kz