
Алматыдағы Almaty Superski жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның сөзі залдың белсенді реакциясын тудырды — қатысушылар бірнеше рет қол соқты, ал жастар «Біз жобаны қолдаймыз!» деп ұрандады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде спикер жобаны талқылау тым ұзақ уақыт «мифтер мен қорқыныш аймағында» қалып келе жатқанын, ал аумақтың өзі дамуды қажет ететінін айтты.
«13 жыл өтті. Бұл неге әкелді? Өлім жағдайлары, жарақаттар, қоқыс, тапталған жолдар, ластанған аумақтар», — деді ол, инфрақұрылымның жоқтығы табиғатқа түсетін жүктемені күшейткенін қосып.
Ол жоба тұрғын үй құрылысын көздемейтінін атап өтті:
«Ол жерде тұрғын үй кешендері мен қоршаулар болмайды. Жер мемлекет меншігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады».
Дереккөз: Almaty.tv