...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Балалар күніне орай Алматыда тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматының барлық медициналық мекемелерінде ашық есік күндері өтеді. Бұл шаралар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарына педиатр, стоматолог, травматолог, инфекционист, невропатолог, ЛОР-дәрігер, акушер-гинеколог және басқа да мамандар тегін кеңес береді. Шараларға бас штаттан тыс мамандар, жетекші сарапшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысады.

Қаланың медициналық ұйымдарында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру акциялары, ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған диалог алаңдары, сурет салу байқаулары және мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді. Бұл бастамаға СӨС орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтары қосылады.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен диспансерлік есепте тұрған балаларға басымдық беріледі. Олар үшін кеңес беру қызметінің максималды қамтылуы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға үйде көшпелі тексерулер ұйымдастырылады.

Шаралардың басты мақсаты – балалар мен жастардың физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығына қамқорлық мәдениетін қалыптастыру.

Алматы тұрғындары ашық есік күндерінің толық бағдарламасымен медициналық мекемелердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ емдеуші дәрігерлерінен таныса алады.

Дереккөз: Almaty.tv